БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Iteachme 2.0 тең мүмкіндіктер әлемі» әлеуметтік жобасының бірінші инклюзивтік Хакатоны

Петропавл, Қазақстан, 23 қазан 2019 ж. Қазақстан Конституциясы көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында инклюзивті Хакатон өтеді.

#ITeachMe2.0 Хакатонына қатысу үшін жас кәсіпкерлер, әзірлеушілер, инженерлер, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, сондай-ақ барлық деңгейдегі маркетологтар, дизайнерлер мен менеджерлер шақырылады.

Естеріңізге сала кетейік, #ITeachMe бірінші маусымында Алматы, Шымкент, Орал және Қарағанды қалаларында өткен инклюзивті хакатондарға400-ге жуық IT-мамандар қатысты. Жаңа технологиялар арқылы әлеуметтік мәселелерді шешетін 7 инклюзивтік тон шиеленіскен интеллектуалдық тартыс нәтижесінде гранттар алды.

Іс-шараны «Шеврон» компаниясының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және «Samruk-KazynaTrust» компаниясының қолдауымен «Ерекшетаңдау-Шелек» корпоративтік қоры ұйымдастырды.Өткізу уақыты: 09:00-18:00 сағ.

Хакатонның басты міндеті инклюзивті IT қауымдастығын қалыптастыру болып табылады, негізгі жұмысы мүмкіндігішектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ халық арасында ақпараттық технологиялар саласындағы жаңалықтар туралы ақпаратты таратуға бағытталған.

Қатысу үшін төменде көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалу, өз тобын  жинау немесе іс-шара барысында пікірлестерді табу қажет. 24 сағат ішінде Хакатон қатысушылары инновациялық тәсілдер мен креативті көзқарасты қолдана отырып, жобаның прототипін жасап, оны қазылар алқасы таныстыруы қажет.

1 үздік жобаны әзірлеушілер 2020 жылдың қаңтар айында өтетін IT лагеріне қатыса алады, IT саласында оқу курсынан өтіп, жобаны дамытуға грант ала алады (гранттардың жалпы сомасы 1 000 000 теңгені құрайды).

Барлық қосымша сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

Захира Бегалиева +7 701 346 0009, zahira71@inbox.ru

Петропавл қ. байланысатын: Солтүстік Қазақстан облысы мүмкіндігі шектеулі жандарістері жөніндегі әкімнің кеңесшісі Бусыгина Светлана Анатольевна, тел: +7 777 553 23 03

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *